9 қазанда директордың орынбасары Байкенова А.К. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметтерімен өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған диалог алаңына қатысты.
Кездесу барысында білім беру ұйымдарының комплаенс-офицерлерімен сындарлы диалог өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, заңдылық қағидаттарын нығайту, сондай-ақ білім беру саласында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар тәжірибе алмасуға, кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Адалдық, жауапкершілік және сенім — сапалы білім мен тиімді өзара іс-қимылдың негізі