Сабақтар жылы шырайлы және қолайлы атмосферада өтті, бұл ата-аналарға «Карнавал» хореографиялық мектебіндегі оқу үдерісінің ерекшеліктерімен, педагогтердің жұмыс әдістерімен және оқушылардың дайындық деңгейімен танысуға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында ата-аналар балалардың қызығушылығын және оқу материалын меңгерудегі оң динамиканы көре алды. Педагогтер Авдеева Наталья Александровна, Бекмаганбетова Айнур Жумагазыевна, Гусева Марина Сергеевна, Шишкина Елена Анатольевна ата-аналардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді.
Ашық сабақтарды өткізу педагогтер, балалар және ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру үдерісіне деген сенімді арттыруға ықпал етті. Іс-шара барлық қатысушылар үшін пайдалы, мазмұнды болды, жағымды әсер қалдырды.
https://karnaval-school.edu.kz/kz/zhanaly-tar/159-karnaval-khoreografiyaly-mektebinde-bilim-alushylardy-ata-analary-shin-ashy-saba-tar-tkizildi.html#sigFreeId40071dab26




