2026 жылдың 6 наурыз күні №2 мектеп-лицейінде және «Карнавал» хореографиялық мектебінің аруларына арналған шынайы отбасылық мереке өтті. Мерекелік бағдарламада «Карнавал» ансамблінің үздік хореографиялық және вокалдық нөмірлері ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады. Жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөз сөйлеген Фахрутдинов Шамиль Абдрахманович — Қостанай облысындағы үздік ансамбльдің жүрегі болып, көптеген жылдар бойы өнер ұжымына жетекшілік етіп келе жатқан тұлға.