2007 жылы Қостанай облысы әкімінің бастамасымен «Карнавал» атты хореографиялық мектебі құрылды. Қазіргі күні ансамбльде және мектепте 700-ге жуық түрлі жастағы оқушылар білім алып келеді. Бұл мектеп үшін оқу бағдарламаларын арнайы жасап, теориялық материалды әр түрлі хореографиялық мектептерден құрақтап жинадық десек те болады. Айқын талабымыз бен мақсатымыз болғандықтан, оқу жүйесін оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне байланысты реттеп отырамыз. Хореография – тірі ағза секілді үнемі өзгеріп отырады, сол себептен тез бейімделіп, ілесіп отыру қажет. Осындай мақсатпен де басқа елдер мен қалалардың жас және жаңа педагогтарын шақырып, мастер - класс, меминарларға қатысып қатысып, білім алмасып отырамыз. «Карнавал» хореографиялық мектебі үнемі даму үстінде. Мектеп жас тұлғаның шығармашылығын қалыптастыру бойынша педагогикалық экспериментті жүзеге асырып келеді. Эксперимент мақсаты – мамандандырылған мектепте балалардың шығармашылық би қабілеттерінің нәтижелі дамуының педагогикалық жақтарын анықтау және оған ғылыми негіздеме беру; шығармашылық дарындылықтың дамуы үшін хореографиялық мектебінің моделін құру. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарлама және ғылыми-педагогикалық зерттеу іс-шаралары жасалған.

Мекенжайы: Қостанай қ., М. Дулатов к-сі,72 үй,

Жұмыс уақыты: 08.00-19.30